Ақтөбе облысында далалық өрттер сөндірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында далалық өрттер сөндірілді

Ақтөбе облысында далалық өрттер сөндірілді

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 17 - тамыз. Ақтөбе облысында далалық өрттер ауыздықталды. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Тамыз 2007
  • 772
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында 16-тамызда 19 сағат 25 минутта жалпы аумағы 40 га құраған далалық өрт басталған болатын. Өртті сөндіруге 10 адам мен 2 бірлік техника жұмылдырылған, олардың 6-ы адамы және 1 техника Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан.

Сонымен қатар, Темір ауанының Қапас ауылдық округінде 350 га шарпыған далалық өрт шыққан. Оны ауыздықтауға жеке құрамның 9 адамы мен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы жұмылдырылған.

Сондай-ақ, Шалқар ауданының Жаңақоныс ауылдық округінің Көрасар аулында 19 сағат 20 минутта далалық өрт шыққан, тілсіз жау 600 га жерді шарпыған. Өрт 16-тамызда 12 сағат 35 минутта өшірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға 16 адам мен 2 бірлік техника жұмылдырылған, олардың 9-ы жеке құрамнан және 1 бірлік техника Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті