Қазір екі аудандағы қырылған мал саны 50-ге таяп қалды. Мамандар ірі қараның басы ісініп, тұрған жерінде сеспей қатып құлайтынына не себеп екенін айта алмай отыр. Әлі зерттеу қорытындылары шықпаған. Ал ауыл тұрғындары оған дейін қолдағы бар малдан айрылып қалудан қорқады. Сондықтан қандай да болмасын дертке қарсы төрт түлігін ектіріп алуға әзір. Киіктен жұққан жұт болар деп жергілікті билік пастереллезге қарсы 15 мыңдай вакцина сатып алған.
Құсайын Сәрсенбай, Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
-Киіктер өлген жерлермен шекаралас аудандардың территорияларындағы малдарды жаппай егу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бүгінге менің айта алатыным осы. Ал нақты диагнозы лаборатория қорытындысы шыққаннан кейін белгілі болады.