Ақтөбе облысында көлік айдаған жасөспірім үш адамды қағып, бүлдіршін көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында көлік айдаған жасөспірім үш адамды қағып, бүлдіршін көз жұмды

Ақтөбе облысында көлік айдаған жасөспірім үш адамды қағып, бүлдіршін көз жұмды

Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған жасөспірім көлік айдап, үш адамды қағып кетті.

  • 3 Тамыз 2023
  • 5
Фото - Caravan.kz

Апат салдарынан сәби көз жұмды, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 2 тамыз күні кешкі сағат 21:30 шамасында Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында болған.

"Әйтеке би көшесімен келе жатқан "ВАЗ-21140" көлігінің 17 жастағы жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан 28 жастағы жаяу жүргінші мен екі баланы қағып кетті.

Оқиға салдарынан 3 жасар бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Тағы екі жаяу жүргінші Ақтөбе ауруханасына жатқызылды", — деп хабарлады полициядағылар.


Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар
Тоқаев 71 жасқа толды
Жаңалықтар 17 Мамыр