Ақтөбе облысында мұнайшылар жаппай астан ұшынды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында мұнайшылар жаппай астан ұшынды

Ақтөбе облысында мұнайшылар жаппай астан ұшынды

Мұғалжар аудандық ауруханасына қазірдің өзінде 12 адам жеткізілген. Жаңажол кен орнындағы жұмысшылар олардың саны анағұрлым көп екенін айтады.

  • 16 Қыркүйек 2014
  • 248
Фото - Caravan.kz


Бірер күн бұрын жұмысшылардың басы айналып лоқсып құсқан. Олардың неліктен өздерін жаппай жайсыз сезінгендерін ешкім дөп басып айта алмауда. Сондықтан «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамына тиесілі вахталық ауылға санитар мамандар тобы шұғыл  жөнелтілді. Олар ең алдымен мұнайшыларға арналған асхананы тексеруге кіріскен. Әйтсе де, ұшынғандар күн санап көбейіп келеді дейді сондағылар.