Ақтөбе облысында өткен жылы "Діни сенім-наным еркіндігі және діни бірлестіктер туралы" заңын бұзуға қатысты 7 дерек анықталған - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында өткен жылы "Діни сенім-наным еркіндігі және діни бірлестіктер туралы" заңын бұзуға қатысты 7 дерек анықталған

Ақтөбе облысында өткен жылы "Діни сенім-наным еркіндігі және діни бірлестіктер туралы" заңын бұзуға қатысты 7 дерек анықталған

Ақтөбе. 6 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында өткен жылы тіркеуден өтпеген діни бірлестіктердің заңсыз миссиялар жүргізуіне байланысты "Діни сенім-наным еркіндігі және діни бірлестіктер туралы" заңын бұзуға қатысты 7 дерек анықталған. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ІІД-нің экстремизммен, сепаратизммен және лаңкестікпен күрес басқармасының бастығы Нұртай Ноғаев хабарлады.

  • 7 Наурыз 2008
  • 508
Фото - Caravan.kz

Басқарма бастығының айтуынша, «анықталған 7 деректің үшеуі «Евангелия Христиане Баптисты» атты тіркеуден өтпеген діни бірлестіктердің заңсыз миссиялар жүргізуіне байланысты. Сондай-ақ, «Благодать» (Грейс), «Тарихатшылар» және «Таблиги Джамаат» атты тағы да тіркелмеген діни бірлестіктерінің үлесіне де осындай бір-бір заң бұзушылықтан тиеді «.

Н.Ноғаевтың айтуынша, ІІД-нің экстремизммен, сепаратизммен және лаңкестікпен күрес басқармасының қызметкерлері діни тақырыпта, бірақ экстремистік сипатта емес үнпарақтар тарату дерегін анықтаған.

Ақтөбе облыстық ІІД-нің экстремизммен, сепаратизммен және лаңкестікпен күрес басқармасының мәліметінше, жалпы алғанда өңірде 111 діни бірлестік, соның ішінде 68 исламдық, 35 христиандық , сондай-ақ, 8 қайырымдылық мақсаттағы діни қорлар жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті