Ақтөбе облысында сайлау кезінде 1,8 мың тәртіп сақшысы қоғамдық тәртіпті қорғады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында сайлау кезінде 1,8 мың тәртіп сақшысы қоғамдық тәртіпті қорғады

Ақтөбе облысында сайлау кезінде 1,8 мың тәртіп сақшысы қоғамдық тәртіпті қорғады

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 18 тамыз. АҚТӨБЕ. Ақтөбе облысында сайлау кезінде 1842 тәртіп сақшысы қоғамдық тәртіпті қорғады. Бұл туралы агенттік тілшісіне Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Иманғалиев хабарлады.

  • 19 Тамыз 2007
  • 546
Фото - Caravan.kz

А.Иманғалиевтің айтуынша, барлық тәртіп сақшыларының арасынан 1042 адам сайлау учаскелерін тәулік бойы күзетуде. «Қалған 800 қызметкер қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысты», — деді ол.

Жалпы алғанда Ақтөбе облысында қазіргі жағдаймен 521 сайлау учаскесі жұмыс істеуде, олардың 118-і облыс орталығында орналасқан. Ал ІІД-нің хабарлауынша, 70 учаскеде сайлаушылар «Сайлау» электронды дауыс беру жүйесімен дауыс беру мүмкіндігіне ие болды.

Ақтөбе облысында 700 мыңдай адам тұрады, олардың 401 мыңнан астамы, облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлау құқығына ие.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті