Ақтөбе облысында соңғы бес жылда алғаш рет жоғарғы көкөніс түсімі жиналды - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+29 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында соңғы бес жылда алғаш рет жоғарғы көкөніс түсімі жиналды

Ақтөбе облысында соңғы бес жылда алғаш рет жоғарғы көкөніс түсімі жиналды

Ақтөбе облысында соңғы бес жылда алғаш рет көкөніс дақылдарынан жоғарғы түсім жиналды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық ауылшаруашылығы басқармасынан хабарлады.

  • 10 Қараша 2003
  • 446
Фото - Caravan.kz

Басқарма мәліметтеріне сәйкес, биыл картоп егілген алқаптардан барлығы 69 мың тонна картоп жиналып, бір гектардың түсімі 115 центнерге жетті.

Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 15 процентке артық.
Сондай-ақ, қырыққабат, қызылша және сәбіз түсімі де едәуір өсті. Ақтөбе және Мартық аудандық фермерлері 18 мың тонна көкөніс жинады, бұл — Ақтөбелік ауылшаруашылығы мамандарының жалпы жинайтын түсімінің тең жартысын құрайды.
Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, «облыс орталығында биыл басқа аудандардан тек қияр мен қызанақ қана жеткізу қажеттігі пайда болды. Өйткені, жаздағы салқын күн райы облыста аталмыш дақылдардың пісіп-жетілуіне мүмкіндік бермеді».