Жарияланды: 940

Ақтөбе облысында табиғат қорғау шараларына 30 млн. теңге бөлінді

"Ақтөбе облысындағы 2001-2005-жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы" аясында облыстық бюджеттен табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруға 30 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық экология басқармасынан хабарлады.

Облыс басшылығы мұндай шешімді гидрометеорология орталығының облыстағы қоршаған ортаның ластануына жүргізген мониторинг шарасынан кейін қабылдаған. "Зерттеулер қорытындысы көңіл көншітпейді",- дейді облыстық экология басқармасының бастығы Алмас Иманбаев. Ақтөбе өңіріндегі қоршаған ортаны қорғау үшін облыстық әкімшілік бөлген қаржыға "Ақтөбе НПЦзем" кәсіпорны облысты экологиялық аудандарға бөлуге бағытталған ұйымдастыру шараларын өткізді. Сондай-ақ, "Шөлейттенумен күрес" бағдарламасының жобасын жасау жұмыстары атқарылды. 2003-жылы облыстағы ірі кәсіпорындар атмосфераны қорғау мақсатына 125 млн. теңге бөлді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін