Ақтөбе облысында темір жол өнімдерін шығаратын кластер құрылады - әкім - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында темір жол өнімдерін шығаратын кластер құрылады - әкім

Ақтөбе облысында темір жол өнімдерін шығаратын кластер құрылады - әкім

Ақтөбе облысы темір жол саласына қажетті өнімдер өндірісін жолға қоймақ. Алдағы екі жылда аталған бағыт бойынша 90 млрд теңгеге жуық қаражат игеру көзделіп отыр,

  • 12 Қыркүйек 2014
  • 610
Фото - Caravan.kz

деп мәлімдеді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

«Қазір біз ҚТЖ-мен бірлесе отырып ірі жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Тәулігіне 430 мың тонна өнім өндіретін рельс-арқалық зауытының құрылысы аяқталуға жақын. Оның 200 мың тоннасы рельс болса, қалғаны жоғары сұрыпты жайма болып табылады. Жобаның жалпы құны 72 млрд теңге», — деді әкім жұма күні Астанада өткен брифингте.

Зауыт қараша айының соңы мен желтоқсан айының басында іске қосылуы тиіс. Өндіріс ошағы бастапқы өнімді жыл соңына дейін шығаруды жоспарлап отыр.


Зауыт сапасы жоғары әрі ыстық-суыққа төзімді, жүрдек пойыздар мен ауыр салмақты жүк пойыздарынан түсетін жүктемеге шыдамды рельстер шығармақ.