Ақтөбе облысында ВИЧ індетін жұқтырғандар саны өсіп келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында ВИЧ індетін жұқтырғандар саны өсіп келеді

Ақтөбе облысында ВИЧ індетін жұқтырғандар саны өсіп келеді

АҚТӨБЕ. 6 - тамыз. Kazakhstan Today. Ақтөбе облысында ВИЧ індетін жұқтырғандар саны өсіп келеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Ақтөбе облыстық СПИД орталығына сілтеме жасай отырып.

  • 6 Тамыз 2007
  • 698
Фото - Caravan.kz

СПИД орталығындағылардың айтуынша, үстіміздегі жеті ай ішінде ВИЧ індетін жұқтырғандардың жалпы саны 145 адамды құраған, олардың алтауына СПИД диагнозы қойылған. Медицина қызметкерлердің сөздеріне сүйенсек, өткен жылдың осы мерзіміндегі көрсеткішпен салыстырғанда «ахуал айтарлықтай төмендеген».

Атап айтқанда, егер өткен жылдың қаңтар — шілде айларында қатерлі індет алты адамнан табылса, осы жылдың дәл осы мерзімінде бұл індет 15 адамды меңдеген.

Сонымен қатар медиктердің хабарлауынша, бұрындары статистика негізінен нашақорлар есебінен өскен болса, бүгінде бұл көрсеткіштің өсуіне еңбек мигранттары мен шетелдіктер де түрткі болып отыр.

Осыған байланысты, СПИД орталығындардың айтуынша, медицина қызметкерлері Қазақстан Республикасының облыстық Қызыл жарты ай қоғамымен бірлесе қызмет атқаруларын күшейтпек ниетте.

«Екінші жарты жылдықта медицина қызметкерлері еңбек мигранттарына, әскери қызметкерлерге, кеденшілер мен шекарашыларға барып семинарлар мен тренингтер өткізбек, біз іс-шараны жастар арасында, нашақорлар мен тәнін саудаға салушылар арасында, сонымен қатар болашақ аналар арасында да жалғастырамыз»,- деп атап өтті орталықтағылар.

Кеденшілер мен шекарашылар арасында тренингтер өткізудің, оларды ВИЧ және СПИД індетінің алдын алу мәселелерінде ағартудың маңыздылығын орталықтағылар Ақтөбе облысының Ресей Федерациясының Оренбург облысымен шектесетіндігімен, ол жерде бүгінде ВИЧ індетін жұқтырғандар саны 18 мыңнан асып жығылғандығымен түсіндірді.

Бүгінгі күнде Ақтөбе облысының СПИД орталығы мен Қазақстан Республикасының Қызыл жарты ай қоғамы ірі ауқымды 20 іс-шара, ВИЧ және СПИД індетінің алдын алу мәселелеріне қатысты 100 тренингтер мен лекциялар жүргізіп, қауіпті топтарға 4,5 мың презерватив таратқан.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті