Ақтөбе облысында жергілікті мәслихат депутаты тұрғындарды демалыс орынсыз қалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында жергілікті мәслихат депутаты тұрғындарды демалыс орынсыз қалдырды

Ақтөбе облысында жергілікті мәслихат депутаты тұрғындарды демалыс орынсыз қалдырды

Ақтөбе облысында жергілікті Мәслихат депутаты тұрғындарды демалыс орынсыз қалдырды. Халық қалаулысы Мәртөк елді-мекені іргесіндегі жалғыз тоғанды иемденіп, жұртты жолатпайды екен. Тіпті, суға шомылуға да тыйым салған. Тек ақысын төлегендер тоғаннан балық аулап, емін еркін демала алады. Бұған ашынған тұрғындар депутаттың мұндай кәсібіне көңілдері толмай отыр.

  • 29 Тамыз 2013
  • 359
Фото - Caravan.kz

Мәртөк ауылы ақсақалдары өздері сайлаған депутат Серік Үсеновке өкпелері қара қазандай. Себебі,халық қалаулысы елді-мекен іргесіндегі жалғыз тоғанды жалға алып, тұрғындарды жолатпай қойыпты. Керсінше су жағасына үй мен монша салып, әріптестерін қонақ қылады екен. Ал қарапайым халықтан тоғанда демалу үшін ақы талап етеді.

Виталий Левченко, Мәртөк ауылының тұрғыны:

Мен оған айттым: «Сені халық сеніп сайлады. Ал мына ісің қанау ғой деп. Атам заманнан бері осы жерге келіп шомыламыз.

Тоғанға келіп ауыл тұрғындары балық ауламақ түгілі шомылудан да қалған. Көлік жүретін жалғыз жолға мінекей, күл-қоқыс төгіп, бөгеп тастапты.

Депутат Үсенов тоғанда бір тәулікке демалу үшін адам басына мың теңгеден баға белгілепті. Жағалауға жолағандарды күзетшілер күтіп алады. Бірақ ақша төлегендігін айғақтайтын олардың қолында кассалық чек жоқ.

Тоған арқылы кәсібін дөңгелетіп отырған Серік Үсенов болса бұл қылығының заңға сай келетіндігін айтады. Он жылға жалға алған жерінде не істеймін десе де өз ерікі екен.


Серік Үсенов, Мәртөк аудандық Мәслихатының депутаты:

— Мен заң бойынша жұмыс істеп отырмын. Бәрі түседі. Менің балаларым бар, отбасым  бар. Сіздің үйде нәжіті ағызатын бар гой. Неге менде монша болмайды.

Депутатқа өкпелеген ақсақалдар прокуратураға шағымданыпты. Бірақ ол жақтан әзірге ешқандай жауап жоқ.