Жарияланды: 470

Ақтөбе облысындағы бір тұрғын үйдің ауласынан Әуеден қорғаныс қызметінің зымырандық кешенінің қозғалтқышы табылды

Ақтөбе облысының Жаманқоныс ауылындағы бір тұрғын үйдің ауласынан Әуеден қорғаныс қызметінің "Круг" атты зымырандық кешенінің 3М9 атты старттық қозғалтқышы табылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Агенттік мәліметіне сәйкес, табылған затты аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері тәркілеп алды. Қозғалтқыш табылған жерге облыстық төтенше жағдайлар басқармасының мамандары мен бір әскери бөлімнің қызметкерлері жіберілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін