Ақтөбе қалалық соты ҚХР-да өндірілген темір жол вагондарын пайдалануға салынған тыйымды қолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе қалалық соты ҚХР-да өндірілген темір жол вагондарын пайдалануға салынған тыйымды қолдады

Ақтөбе қалалық соты ҚХР-да өндірілген темір жол вагондарын пайдалануға салынған тыйымды қолдады

АСТАНА. 13-шілде. Kazakhstan Today. Ақтөбе қалалық соты мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау органының ҚХР-да өндірілген темір жол вагондарын пайдалануға салынған тыйымға қатысты іс-әрекеттерін қолдады. Бұл туралы бүгін республиканың бас санитарлық дәрігері - ҚР денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау комитетінің төрағасы Анатолий Белоног журналистерге хабарлады,- деп мәлімдейді Kazakhstan Today тілшісі.

  • 13 Шiлде 2007
  • 570
Фото - Caravan.kz

«Кеше Ақтөбе қаласында аталмыш вагондарды пайдалануды тоқтата тұру туралы санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау органының шағымы бойынша өткен сот мәжілісі аяқталды. Сот мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау органының ҚХР-да өндірілген темір жол вагондарын пайдалануға салынған тыйымға қатысты іс-әрекеттерін қолдап, «Қазақстан темір жолы» компаниясына барлық айтылған ескертпелерді жою үшін тиісті жұмыстар атқаруды тапсырды», — деді А. Белоног.

Сонымен бірге оның хабарлауынша, кеше Алматыдағы экономикалық сотта осы тектес шағым қарала бастады «және бірнеше күннен кейін осындай сот Астанада да өтеді».

«Біз мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау органының қадамдарын барлық құқық қорғау және сот органдары қолдайды деп сенеміз», — деді бас санитарлық дәрігер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті