Ақтөбе ұстаздары ата-аналардан оқушының қалтасын тексеруге рұқсат сұрады  - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе ұстаздары ата-аналардан оқушының қалтасын тексеруге рұқсат сұрады 

Ақтөбе ұстаздары ата-аналардан оқушының қалтасын тексеруге рұқсат сұрады 

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың көбейгені ұстаздарды алаңдатып отыр. Білім басқармасының басшылары ата-аналар мен мектеп директорларын жинады.

  • 20 Қараша 2019
  • 16
Фото - Caravan.kz

Кездесуде тәрбие жұмыстарына бірге күш салуға үндеу тасталды.  

 Жыл басында Шалқар ауданында оқушы өлімі тіркелді. Ақтөбе қаласында бірнеше жағдай болды. Бұл қашанға дейін жалғаса береді? Егер баланың қалтасын сынып жетекшісі қарайтын болса, ол заң алдында жауап береді деген сөздерді айтасыздар. Ол дұрыс емес. Бала сіздерге бала. Сыртқа шыққаннан кейін көргенін, көшедегі тәрбиені өзіне қабылдайды. Сіздер осы жағына мүмкіндік берулеріңіз керек. Баланың қалтасын қарасын, қауіптің алдын алады. Интернетке үңіліп отырған кейбір балалар ашушаң. Үшкір затты бір біріне сұғып алып жатса орны толмас қайғы. Біз осы жағынан жұмысты жалғастыра алмай отырмыз, — деді облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.

Облыста жасөспірімдердің қатысуымен болған қылмыстардың дені демалыс күндері тіркелген. 


Кеңес дәуірінде мектепте бір-бір полициядан отырған жоқ, психолог болған жоқ. Мектепте басшысы, орынбасары, сынып жетекшісімен ғана жұмыс жасалды. Қазір әр мектепке инспектор ұстап отырмыз. Бір-бірімізден кінә іздемейік. Қоғамда болып жатқан жағдайларға бәріміз кінәліміз. Ата-ана тарапынан қадағалауды күшейтуіміз керек, — деді Ләззат Оразбаева.

Соңғы жаңалықтар