Мекеме ақпаратына сәйкес, Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Мөңке би ауылдық округінде 2-шілдеде 12 сағатта далалық өрт шықты. 400 гектар аумақты шарпыған өрт келесі күні 1 сағат 20 минутта сөндірілді. Өртті ауыздықтауға өртке қарсы күрес қызметінің 18 адамы мен 7 техникасы жұмылдырылды.
Сонымен бірге Жамбыл облысы Шу ауданында, Далақайнар ауылдық округінде 2-шілдеде 13 сағат 10 минутта дала өртенді. 2 мың гектар аумақтағы өрт 18 сағат 25 минутта сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға 31 адам мен 5 техника, соның ішінде ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 6 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті