Жарияланды: 190

Ақтөбеде 13 жастағы қызды зорлаған полицей кінәні басқа біреуге артып, соттатып жіберген (ВИДЕО)

Ақтөбеде 13 жастағы қызды зорлаған полицей кінәні басқа біреуге артып, соттатып жіберген (ВИДЕО) Сурет - Ак Жайык

Ал облыстық Полиция департаменті сотталған адамның кінәсі толық дәлелденгенін мәлімдеді.

Ақтөбе облысындағы Петропавловка ауылында тұратын қыз бала өзін учаскелік полицей зорлағанын айтып, президенттен көмек сұрады, деп хабарлады paryz.kz, zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Оның видеосы Qumash Telegram-каналында жарияланған. Қыздың сөзінше, учаскелік полицей оны қызметтік көліктің ішінде күштеп зорлаған. Бірақ зорлық үшін кінәсіз ер адам сотталып кеткен.

"Мені учаскелік полицей зорлағанда 13 жаста едім. Әкем жоқ, шешем ішімдікке салынған еді. Маған заңсыз аборт жасатты. Учаскелік полицей мені кінәсіз адамға қарсы жала жабуға мәжбүрледі. Ол кісі 10 жылға сотталды", - дейді қыз.

"2018 жылы аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Барлық фактілер мен жасалған сараптамалар сотталған тұлғаның қылмысқа қатысы бар екенін дәлелдеді. Сот күдіктіні 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. Қорғаушылар тарапы апелляциялық тәртіппен шағым түсірді. Алайда апелляциялық инстанция бірінші инстанцияның үкімімен келісті", - деп нақтылады Полиция департаменті..

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін