Ақтөбеде 3 адамды ажал құштырған дәрілер тексерілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде 3 адамды ажал құштырған дәрілер тексерілуде

Ақтөбеде 3 адамды ажал құштырған дәрілер тексерілуде

Медицина және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті белгілі бір БАҚ-тарда жарияланған Ақтөбе қаласындағы адам өліміне байланысты болған оқиғаның мән-жайын анықтауда, деп хабарланды Комитеттің баспасөз хабарламасында.

  • 9 Сәуiр 2014
  • 417
Фото - Caravan.kz


БАҚ мәліметтерінше, №3 қалалық емханада осындай жағдайға төрт науқас әйелдің ұшыраған. Олардың туыстары мен достарының сөзіне қарағанда, дәрігер әйелдерге күндізгі стационарда, нақтырақ айтқанда, медикаментозды ерітінділерді тамшылатып қабылдауға нұсқау берген. Ем қабылданғаннан кейін, бірнеше күннің ішінде, үш науқас 19-23 наурыз аралығында бірінен соң бірі о дүниеге аттанып кетті. Тағы бір зардап шегуші бірнеше күн жан сақтау бөлімінде жатқан.

«2014 жылдың 4 сәуірінен аталған оқиғалар бойынша Комитеттің тәуелсіз тіркелген сарапшылар, клиницистер, фармокологтар мен сот-медициналық сарапшылардан құралған арнайы комииссия жұмыс істеп жатыр», — делінген хабарламада.

Дәрі-дәрімек сынамалары тәркіленіп, дәрілік заттарды сараптау Ұлттық орталығының мамандандырылған зертханасына жолданды.