Ақтөбеде 5 жасар баланы ұрлап әкетті - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде 5 жасар баланы ұрлап әкетті

Ақтөбеде 5 жасар баланы ұрлап әкетті

Ақтөбеде 5 жасар Тамерлан Санбыдаевтың із-түзсіз жоғалу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды облыстың ІІД баспасөз қызметінен.

  • 16 Қазан 2014
  • 659
Фото - Caravan.kz

«Қылмыстық іс ҚР ҚК 125-бабының 2-тармағы — кәмелеттік жасқа толмаған баланы ұрлау бойынша қозғалды. Тергеудің құпия жүргізілуіне байланысты қандай да бір нұсқалар таратылмайды», — деп атап өтті ІІД баспасөз қызметкері Ардагер Уайдин.

Аталған бап бойынша бала ұрлаушы 4-тен 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Осы күні іздеу шараларына 1500-ден астам полиция қызметкері тартылған, олардың арасында әскери институттың 500 курсанты, 800-ден астам студент пен еріктілер бар. Ормандар мен су қоймаларды  квадрациклдармен тексеріп, әуе көлігімен іздеу де жүргізілуде.