Ақтөбеде 700-ден астам адам үй карантинінде жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде 700-ден астам адам үй карантинінде жатыр

Ақтөбеде 700-ден астам адам үй карантинінде жатыр

Ақтөбе облысы бойынша 739 адам үй карантинінде жатыр. Олардың барлығы медцина қызметкерлерінің бақылауында.

  • 22 Ақпан 2021
  • 35
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат -қа сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен тәулікте өңірде 13 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Ақтөбе қаласы мен Ойыл ауданының тұрғындары дерттің симптомды түріне шалдыққан. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ақпан айында 100-ге жуық адам вирус жұқтырған. Ал бүгінге дейін 4191 жағдай тіркелді. Оның 94 пайыздан астамы жазылды. Қазіргі таңда үй карантиніне 739 адам бар.

«Қазіргі кезде коронавирус инфекциясын жұқтырған 175 науқас ем қабылдап жатыр. Оның 45-і инфекциялық стационарларда. Төрт науқас жансақтау бөлімінде болса, біреуі өкпені желдету аппаратына қосылған. Өткен тәулікте 1 адам пневмонияға шалдығып, ауруханаға түсті. Барлығы 46 науқастың өкпесі қабынып, ем қабылдап жатыр. Оның бесеуі жансақтау бөлімінде», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.

Айта кетейік, өңірде мониторинг тобы да жұмыс істеп жатыр. Қалалық үйлестіру орталығына 14 хабарлама түсіп, тексерілді. Жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 5 кәсіпкерге 500 мың теңге айыппұл салынды.


«Тұрғындарға маска тағу, арақашықтықты сақтау туралы ережені тағы бір еске саламыз. Шекарадағы санитарлық бекеттерде де бақылау жалғасып жатыр. Қазір 26 адам карантиндік стационарда, медицина қызметкерлерінің бақылауында. Оларда ПТР анықтамасы болмады», — деді облыстық санитариялық-эпидемологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев.

Соңғы жаңалықтар