Ақтөбеде арнайы жобамен салынуы тиіс дүңгіршектерге құрылыс материалдары жетпей жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде арнайы жобамен салынуы тиіс дүңгіршектерге құрылыс материалдары жетпей жатыр

Ақтөбеде арнайы жобамен салынуы тиіс дүңгіршектерге құрылыс материалдары жетпей жатыр

Ақтөбе көшелеріне мың дүңгіршек қойылады. Баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған дүңгіршіктерге 18 орын бекітілгенімен ешқандай құрылыс жұмысы басталған жоқ.

  • 18 Қазан 2017
  • 193
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Aktobenews.kz хабарлады.

«Ақтөбе көшелеріне 1 мың дүңгіршек салынады. Дизайны жасалды, 18 кәсіпкерге жер берілді. Жоба іске асты», — деді «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының директоры Дархан Өтеміс.

Бірақ әлі күнге дейін бірде бір дүңгіршектің құрылысы жүрген жоқ. Жоба іске асты деп есеп берген басшының сөзін тоқтатқан өңір басшысы Бердібек Сапарбаев суреті бар, дүңгіршегі жоқ жұмысты сынады.

«Жер берілді, кәсіпкерлер табылды. Бірақ әлі күнге дейін дүңгіршек жоқ. Ол дүңгіршектер Астанада, басқа облыс орталықтарындағыдай жұмыс істеуі керек. Таяуда қыс түседі, бірақ біз әлі жобаны іске асырған жоқпыз», — деді облыс әкімі Б.Сапарбаев.

«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының директоры Дархан Өтемістің айтуынша, Астананы үлгі еткен жобаны іске асыру үшін Астанада шығарылатын құрылыс материалы жеткізілуі керек. Тапсырыс берілді, бірақ әлі келген жоқ. Бұл дүңгіршекті қаптайтын құрылыс материалы екен. Дегенмен «Нұр Ақтөбе», «Батыс-2» ауданынан жер сұраған кәсіпкерлер саны артты. «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы осы екі ауданнан тағы 10 жер телімін сұрап отыр.


Соңғы жаңалықтар