Ақтөбеде боулинг орталығының күзетшісі өлтірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде боулинг орталығының күзетшісі өлтірілді

Ақтөбеде боулинг орталығының күзетшісі өлтірілді

Ақтөбе. 25 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбеде боулинг-орталықтың күзетшісі өлтірілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ақтөбе облысының ІІД сілтеме жасай отырып.

  • 25 Наурыз 2008
  • 582
Фото - Caravan.kz

Осы ведомствоның баспасөз хатшысы Алмат Иманғалиевтың айтуынша, қылмыс 24 наурызға қараған түні сағат 2.00-де болған.

«Ойын-сауық орталығына екі жас жігіт келген. Олардың бірі — 29 жастағы ақтөбелік кейіннен боулинг орталықтың күзетшісімен сөзге келген», — деп хабарлады А. Иманғалиев. Дау сол арада төбелеске ұласқан. Соның салдарынан 26 жастағы орталық күзетшісі оң жақ белінен пышақтан жарақат алған.

Полицейлердің айтуынша, зардап шегуші жедел арада «көп қан жоғалту» және «4 сатыдағы гемаррогиялық шок» диагноздарымен облыстық жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылған. Біраз уақыт өткен соң жәбірленуші есін жимастан қайтыс болды.

Қазіргі уақытта осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Полиция қызметкерлері бұл жыл басынан бергі осындай екінші оқиға екендігін атап көрсетіп отыр. 2008 жылдың 2 қаңтарында осы ойын-сауық орталығында осындай жағдай орын алғанда да 26 жастағы күзетші жан тапсырған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті