Ақтөбеде цистерна жарылып бір адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде цистерна жарылып бір адам қаза тапты

Ақтөбеде цистерна жарылып бір адам қаза тапты

Ақтөбеде цистерна тазартып жүрген ер адам жанып кетті. Жедел жәрдем қызметі тек жұмысшының өлімін тіркеді.

  • 3 Қаңтар 2018
  • 147
Фото - Caravan.kz

Ақтөбеде төтенше жағдай тіркелді. Бір адам жұмыс орнында қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жанат есім жұмысшы оқиға орнында көз жұмды. Цистерна жарылды. Цистернамен мазут тасыған екен. Бізге хабар жеткен соң медициналық жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 20 минутта жетті. Күйік шалған адам сол жерде қаза болды»,- деді қалалық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Дастан Неталиева.

Сонымен қатар, пойыз рельсімен жүрген екі адамның бірі оқиға орнында қаза болды.


«Ер адам мен әйел темір жолдың бойымен жүрген. Сол кезде оларды пойыз сүйреп кетті. Салдарынан аты-жөні белгісіз ер адам оқиға орнында қаза болды. Ал 51 жастағы әйел бас-ми жарақатын алды. Ол ес-түссіз күйінде ауруханаға жеткізілді»,- деді қалалық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Дастан Неталиева.

Соңғы жаңалықтар