Ақтөбеде екі жасар бала кәрізге құлап мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.37
  • 542.16
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде екі жасар бала кәрізге құлап мерт болды

Ақтөбеде екі жасар бала кәрізге құлап мерт болды

Ақтөбеде екі жасар бала кәрізге құлап мерт болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Тамыз 2005
  • 409
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, әжесінің жанына үйдің алдында ойнап жүрген екі жасар сәби ашық тұрған кәрізге құлап кеткен.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары баланың кәріз вентиліне құлау салдарынан алған жарақаттан мерт болғанын анықтады.
Қазір құқық қорғау мекемелері кәріздің қаладағы қандай коммуналдық қызметке тиесілі екенін және оның қақпағы не себепті жабылмай қалғанын анықтап жатыр.