Жарияланды: 20

Ақтөбеде гараж ішінде тұрған көлік жарылып, бір адам ауруханаға түсті

Ақтөбеде гараж ішінде тұрған көлік жарылып, бір адам ауруханаға түсті

Ақтөбеде көлік жарылып, кейін жанып кетті. Қазір бір адам ауруханада жатыр.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін Ақтөбе қаласындағы Әуе қалашығы ауданында гаражда тұрған көлік жарылды. Сол сәтте гараж опырылып түскен.

«Хабарлама түскен кезде №2 және 3 өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері жіберілді. Жарылыстан соң көлік жанған. Көрші тұрған гараж да отқа оранған. Барлығы 21 адам мен 5 техника барды. Арада 20 минут өткенде өрт сөндірілді. Өрт кезінде 49 жастағы ер адамның күйік шалғаны анықталып, ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қазір күйік шалған ақтөбелік облыстық жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Оның беті мен қолы 25 пайызға күйіп қалған. ТЖД қызметкерлері жарылыс себебін анықтап жатыр.

Айта кетейік, көлік сұйытылған газбен жүрген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін