Ақтөбеде кәсіпкер өз-өзін жарып жібермек болған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде кәсіпкер өз-өзін жарып жібермек болған

Ақтөбеде кәсіпкер өз-өзін жарып жібермек болған

Бизнесмен өз-өзін жарып жіберу үшін газ бекетіне соғылған, деп хабарлайды aktobetimes.

  • 20 Қазан 2017
  • 258
Фото - Caravan.kz

Хабарламада айтылғандай, Ақтөбе инвестфорумы күні, 13 қазанда Заводская көшесінде алапат жарылыс болуы мүмкін еді. Таңғы  5.20 кезінде KNPS газ бекеті цистернасына Toyota Hilux көлігі келіп соғылды. Рөлде 39 жастағы кәсіпкер болған. 

Бастапқы мәлімет бойынша, Ақтөбеде танымал бизнесмен цистернаға соғылып, өз-өзін жарып жібермек болыпты. Алайда газдың жарылуы орын алған жоқ. Сол кезде ер адам пышақ алып шығып, тағы да өз-өзіне қол салмақ болады.

Ер адам көптеген жарақатпен ауруханаға хирургия бөліміне жеткізілді. Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда.


 

Соңғы жаңалықтар