Ақтөбеде Орынбор және Ақтөбе облыстарының кәсіподақ ұйымдарының федерациялары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы екі жақты келісімге қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде Орынбор және Ақтөбе облыстарының кәсіподақ ұйымдарының федерациялары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы екі жақты келісімге қол қойылды

Ақтөбеде Орынбор және Ақтөбе облыстарының кәсіподақ ұйымдарының федерациялары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы екі жақты келісімге қол қойылды

Кеше, 9-ақпанда Ақтөбеде Орынбор және Ақтөбе облыстарының кәсіподақ ұйымдарының федерациялары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы екі жақты келісімге қол қойылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық әкімшіліктің баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 10 Ақпан 2004
  • 563
Фото - Caravan.kz

Қазақстандағы Ресей жылы аясында Ақтөбе облысына Орынбордан кәсіподақ ұйымдарының федерациясы өкілдері келді. Ондағы мақсат — нарықтық экономика жағдайындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісу.

Дөңгелек үстел басына жиналған тараптар екі облысқа ортақ қиындықтарды талқылады. Мәселен, Ақтөбе облысында тек орталықта ғана жұмыс істейтін 8 ірі кәсіподақ ұйымы құрылған. Ал аудандарда ондай ұйымдар атымен жоқ. Орынборлықтардың айтуынша, «нарықтық экономика ахуалында жұмыс істеуге тәжірибе жетіспеу салдарынан оларда да кәсіподақ ұйымдарының бірлестіктері арасындағы байланыс үзілген немесе мүлдем әлсізденген».
Екі облыстың кәсіподақ ұйымдары арасындағы ынтымақтастық туралы келісім мен 2004-2005-жылға жоспарланған шаралар облыстағы жұмысшы-қызметкерлердің құқығын қорғаудағы көптеген түйткілдерді шешеді деп күтілуде. Ол үшін екі жақты консультациялар өткізіп, салалық деңгейде өкілдер алмасуға мәміле жасалды.

Соңғы жаңалықтар