Жарияланды: 460

Ақтөбеде Өзбекстанға баратын ұшақ билетін сатуды талап еткен мас жолаушы өз-өзіне қол жұмсады

Ақтөбеде Өзбекстанға баратын ұшақ билетін сатуды талап еткен мас жолаушы қаладағы халықаралық әуежайдың кассасы жанында өз-өзіне қол жұмсады. Көліктегі Батыс ІІБ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, 38 жастағы еркек өзінің бұл әрекетін кассада Өзбекстанға ұшатын тікелей әуе рейсіне билеттің жоқтығымен байланыстырып түсіндірген.

Көліктегі ІІБ-ның кезекші бөлімінің дабылы бойынша әуежайға ІІБ-ның басшылығы мен "Арлан" арнаулы бөлімінің жауынгерлері келіп жеткен. Олар бұзақыны заласыздандырды. Сөйтсе, әуежайда шу шығарушы - Ресейден отанына қайтып бара жатқан Ферғана тұрғыны болып шықты. Мас еркектің қолынан полицейлер пышақ тәркілеп, тәртіп бұзушының өзін жедел жәрдем ауруханасына жөнелтті. Ауруханада зардап шегушіге операция жасалды. Дәрігерлер оның ішінен пышақтан түскен төрт бірдей терең жарақаттың ізін тапты. Жедел жәрдем ауруханасындағылардың айтуынша, науқас мұнда жарақаты жазылып, интоксикациялық емдеуден өткенше екі аптадай уақыт болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть