Ақтөбеде пара алғандығы үшін колония жетекшісі және оның қол астындағы қызметкер сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде пара алғандығы үшін колония жетекшісі және оның қол астындағы қызметкер сотталды

Ақтөбеде пара алғандығы үшін колония жетекшісі және оның қол астындағы қызметкер сотталды

Ақтөбенің N2 соты КА-168/4 мекемесінің бұрынғы бастығы мен сол колонияның шұғыл бөлім жетекшісіне үкім шығарды.

  • 20 Қазан 2014
  • 426
Фото - Caravan.kz

Екеуі де Қылмыстық кодекстің 311 бабы, 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылған (лауазымды қызметкердің пара алуы), әрқайсысы төрт жылға сотталды, деп хабарлады дүйсенбіде облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Олар жазаларын жалпы режим колониясында өтеуге тиіс.

Сот олардың мүлкін конфискілеуге үкім шығарды және олардың төрт жыл мемлекеттік қызмет атқаруға құқылары жоқ.

Ақпаратқа қарағанда, колония бастығы биыл мамыр айында сотталушыдан шұғыл бөлім бастығы арқылы 370 000 теңге пара алу кезінде ұсталған.


Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.