Ақтөбеде қамауға алынған депутат Өндіргеновтың үйінен 1,5 миллиард теңге табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде қамауға алынған депутат Өндіргеновтың  үйінен 1,5 миллиард теңге табылды

Ақтөбеде қамауға алынған депутат Өндіргеновтың үйінен 1,5 миллиард теңге табылды

Ақтөбеде атышулы мәслихат депутатының дүние-мүлкін сот бұғаттап тастады. Бизнестегі әріптестерінің кәсібіне көз тіккені үшін ұсталған Мейіржан Өндіргенов енді үкім шыққанға дейін үйінен табылған 1 жарым миллиард теңге мөлшеріндегі қолма-қол ақшаны жұмсай алмайтын болады.

  • 9 Маусым 2015
  • 439
Фото - Caravan.kz

Өндіргеновтің қаражатын тергеушілердің ақша есептейтін машинамен бес сағат бойы санағанын бұрын айтқанбыз. Аймақтағы автобус паркінің иесі ақшаны көбіне доллармен және еуромен сақтағанды құп көреді екен. Оның үйінен 3 жарым миллион  доллар, 300 мыңдай еуро, 7 миллиондай теңге табылды. Сондай-ақ, арабтардың дирхамы мен украиндардың гривнасы да бар. Кәсіпкер-депутаттың пәтері мен жер телімі, Шалқар қаласындағы кәсібі де бұғатталды. Мейіржан Өндіргенов мемлекеттік кіріс басқармасындағы басшылардың бірімен сыбайлас болып, тапқан пайдасын жасырған. Әріптесінің бизнесін тартып алу үшін қорқытып-үркіткен. Егер тағылған айыптар дәлелденетін болса, депутат 7 жылдан 15 жылға дейін сотталуы мүмкін.