Облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің баспасөз хатшысы Ануар Добрашевтің айтуынша, «Арай» тұрғын үй кешенінің құрылысына арналған жер телімі болуға байланысты құрылыс-монтаж жұмыстарына рұқсат алған фирма басшылығы тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін үлескерлердің қаржысын тартып, олардың әрбіреуімен келісім-шартына қол қойған.
«Келісім шарттына сәйкес құрылыс 2007 жылдың үшінші тоқсанында аяқталып, пайдалануға берілуге тиіс болған. Әрбір қатысушы «КазГлавСтрой»ЖШС-іне өздерінің бастапқы жарналарын енгізген, алайда, артынан белгілі болғанындай, үлескерлердің ақшасы көп пәтерлі үйдің құрылысына емес, серіктестіктің басқа қажеттіліктеріне жұмсалған», — деді А. Добрашев.
Облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің ақпаратына сәйкес, сөйтіп, үй бүгінгі күнге дейін салынбаған, ал 127, 4 млн теңге қаржы ақша жоқтықтан үлескерлерге қайтарылмаған.
Қазір бұл дерек бойынша «КазГлавСтрой» ЖШС директорының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 177-ші бабының 3 тармағы, «б» тармақшасы бойынша (Аса ірі көлемдегі алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті