Ақтөбеде таныстарын бопсалаған жігіт бас бостандығынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде таныстарын бопсалаған жігіт бас бостандығынан айырылды

Ақтөбеде таныстарын бопсалаған жігіт бас бостандығынан айырылды

№2 Ақтөбе қалалық сотында 31 жастағы қала тұрғынына сот үкімі шықты.

  • 8 Қараша 2019
  • 29
Фото - Caravan.kz

Ол өз таныстарын қорқытып, 4 миллион теңге алып жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Сотталушы Қанат Мақсатов таныстарына жеңіл көлікті уақытша пайдалану үшін береді. Көлік жөндеу орталығында тұрған машина белгісіз жағдайда жоғалып кетіп, оның шығынын жәбірленуді Олжас Жалғасов өтеді. Іс материалына сүйенсек, жоғалған көлік үшін ол 1,8 миллион теңгеден астам қаржыны қолма-қол санап берген.  

«Кейін сотталушы М.Қанат тағы 1,5 миллион теңге сұраған. Және әр тәулік үшін 70 000 теңге көлемінде пайыз қосатыны туралы мәлімдеген.  Жәбірленуші О.Жалғасов отбасының амандығын ойлап, болған жайтты полицияға хабарлайды. Соңында сотталушы барлығы 5,3 миллион теңге сұрап, 4 миллион теңге алып жатқан жерінен ұсталды», — деп жазылған сот материалында.

Сот үкімімен Қанат Мақсатов 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді.


Соңғы жаңалықтар