Ақтөбеде тілсіз жаудан зардап шеккен 4 бала ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде тілсіз жаудан зардап шеккен 4 бала ауруханаға жатқызылды

Ақтөбеде тілсіз жаудан зардап шеккен 4 бала ауруханаға жатқызылды

Бүгін түнгі сағат 01.49 кезінде Ақтөбе қаласындағы 11-ші шағынауданда 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйден өрт шыққа

  • 13 Мамыр 2014
  • 312
Фото - Caravan.kz

Тілсіз жау 1-ші және 2-ші қабаттардың арасындағы қоймалық бөлмеде тұтанған. Жалынды ауыздықтауға Ақтөбе облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 33 адамы мен 7 техникасы жұмылдырылды.

4 шаршы метр аумақты шарпыған өрт салдарынан иіс тиіп уланған 1998 жылғы жасөспірім Н.Алтаева мен балалар — 2005 жылы туған А.Күңірбаева, 2011 жылғы М.Жайылхан, 2011 жылы туған М.Құсайын мен 2013 жылы туған М.Құсайын ауруханаға жеткізілді.


Сондай-ақ 3 адам құтқарылып, 27 адам сыртқа шығарылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.