Ақтөбеде «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы іске қосылды

Ақтөбеде «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы іске қосылды

Ақтөбеде Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы іске қосылды, ол Ақтөбеден Астанаға дейінгі жол уақытын айтарлықтай қысқартады.

  • 15 Желтоқсан 2012
  • 527
Фото - Caravan.kz

Пойыздың іске қосылуына арналған салтанатты шараға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты.

Жаңа пойыз басқа бағыттармен салыстырғанда Астанамен арадағы жолды бір жарым есеге қысқартады. Енді ақтөбеліктер Астанаға 16 сағат 56 минутта жетеді, қайтар жолға 16 сағат 25 минут кетеді.

Аталған пойыздың вагондары Астанадағы «Тұлпар-Тальго» қазақстандық-испаниялық бірлескен зауытында жасалған. Пойыз құрамында 19 вагон бар, олардың ішінде екеуі техникалық вагон, 1 вагон-мейрамхана, 1 вагон-кафетерий, 15 вагон «Турист» санатында.

Жаңа вагондар жоғары жайлылығымен ерекшеленеді, құрылысы жеңіл және соңғы технологияларды пайдалану арқылы жасалған, қалдықтарды жинақтауға мүмкіндік беретін арнайы вакуумдық тазарту жүйесімен жабдықталған. «Тұлпар-Тальго» вагондарында энергиямен қамтамасыз етудің орталықтандырылған жүйесі, ауаны қалыпқа келтіру, қауіпсіздікті бақылау жүйелері бар.

Архимед Мұхамбетов пен «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ-ның вице-президенті Асхат Ақчурин пойыз ішімен жүріп, бригада жұмысымен және жолаушыларға қызмет көрсету жайымен танысып өтті.

Одан кейін облыс әкімі теміржол көлігінің қызметкерлерін ақтөбелік аймақ өміріндегі айтулы оқиғамен құттықтады.

«Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ-ның вице-президенті жаңа пойызға бірінші билет сатып алған жолаушы Зейкетғазы Баяхметовке естелік сыйлығын табыстады.

Салтанат жаңа пойыздың жолға аттануы туралы жариялайтын қоңырау дыбысымен аяқталды.