Ақтөбеде Ұлы Отан соғысы кезіндегі әскери қол граната табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде Ұлы Отан соғысы кезіндегі әскери  қол  граната табылды

Ақтөбеде Ұлы Отан соғысы кезіндегі әскери қол граната табылды

АҚТӨБЕ. 1-тамыз. Kazakhstan Today. Ақтөбеде "Қару" республикалық жедел-профилактикалық іс-шара аясында Ұлы Отан соғысы кезіндегі әскери қол гранатасы табылды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Тамыз 2007
  • 726
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 1942 жылы шығарылған РГД-42 жарылғыш құрылғысын полицейлер қала шетіндегі Ясное аулының 47 жасар тұрғынының көлікжайынан тапқан. «Қазіргі уақытта аталмыш дерек бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр, сонымен қатар қылмыстық іс қозғау туралы мәселе де шешілуде»,- деп хабарлады Ішкі істер департаментінен.

Сондай-ақ департаменттегілердің хабарлауынша, ақтөбелік полицейлер «Қару» жедел-профилактикалық іс-шара аясында бірінші күні төрт заңсыз қару сақтау дерегін, сонымен қатар бір газ тапаншасын өз еркімен өткізу дерегін тіркеген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті