Ақтөбеде WhatsApp арқылы жиһадқа шақырғандар сотта жауап беріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде WhatsApp арқылы жиһадқа шақырғандар сотта жауап беріп жатыр

Ақтөбеде WhatsApp арқылы жиһадқа шақырғандар сотта жауап беріп жатыр

Ақтөбеде экстремизмді телефон арқылы насихаттағандарға қатысты сот басталды. Айыпталушы орындығында Ақтөбе, Атырау, Батыс және Оңтүстік Қазақстан облыстарының 8 тұрғыны.

  • 9 Маусым 2015
  • 313
Фото - Caravan.kz

Олар WhatsApp-та конференция ашып, ондағыларды Сирияға соғысқа аттануға үгіттеген. Десе де айыпталушылардың екеуі бұл іске қатысымыз жоқ деп ат-тондарын ала қашуда. Ал алты жігіт қылмыстарын мойындап, жазаларын жеңілдету үшін тергеуге көмек берді. Дегенмен, прокурорлар олардың үкімдерін жеңілдететіні жайлы кепілдік беретін құжат әзірлемепті. Мемлекеттік айыптаушылардан адвокаттар да тұщымды жауап ала алмады. 

-Келісімде айтылуы керек. Ол келісімнің ішінде қандай жаза сұрайды? Біз оны білмейміз. Ол екінші мәселе біз оған қол қоямыз ба, қоймаймыз ба?