​Ақтөбеде жасанды су қоймасында африкалық жайын өсіріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
​Ақтөбеде жасанды су қоймасында африкалық жайын өсіріледі

​Ақтөбеде жасанды су қоймасында африкалық жайын өсіріледі

Ақтөбе облысында дәстүрлі емес шаруашылықты дамыту үшін биыл жасанды су қоймасында африкалық жайын өсіріледі.

  • 8 Ақпан 2019
  • 23
Фото - Caravan.kz

Ақтөбе облысында дәстүрлі емес шаруашылықтар ешкі бағып, бал өндіріп жатыр. Үй қояны, бөдене, үйрек шаруашылығы да таңсық емес. Биыл Ақтөбенің Алға ауданы, Тамды ауылында түйеқұс шаруашылығы өз жұмысын бастайды. Бір мезетте көкөніс те егіледі. Ол үшін Тамды ауылында 40 гектар жер бөлінді. «Шаруашылықтың жұмысы ерекше. Төменгі қабатта түйеқұс, қоян өсіріліп, жоғары қабатта көкөніс  егіледі. Бұл екі қабатты жылыжай. 2,4 мың құс өсірілді, оларға 4 ай күтім керек. Қоян үш ай өсіріледі. Жобалық құны — 357 миллион теңге. Құрылыс биыл басталып, аяқталады», — деді Алға ауданының әкімі Нағымжан Алдияров.

Қазір Ақтөбе облысы бойынша дәстүрлі емес 263 шаруашылық бар.

«Шаруашылық өткен жылы 23 тонна ара балын, 220,5 тонна ешкі сүтін, 6 тонна қоян етін, 3 млн дана бөдене жұмыртқасы мен 134 тонна құс етін өндірді. Сондай-ақ, облыс аумағында республика бойынша ең үлкен таңқурай алқабы бар. Барлығы 45 гектардан өнім жиналды. Ал 2022 жылға дейін алқап көлемін 150 га жеткізу жоспарланды. Өткен жылы құны 430 млн теңгеге көлемі 1,1 га болатын құлпынай өсіру жылыжай кешені іске қосылды. Биыл 60 тонна өнім алу жоспарланды», — деді Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай.

Айта кетейік, биыл құны 1,2 млрд теңге болатын ірі жоба іске асырылады. Жоспар бойынша жасанды су қоймасында африкалық жайын өсіріледі. Мұнда жылына 2 мың тонна өнім өндіріліп, экспортқа шығарылады.


 

Соңғы жаңалықтар