Жарияланды: 20

Ақтөбеде жоғалғандарды іздеуге тікұшақ жіберілуі мүмкін

Ақтөбеде жоғалғандарды іздеуге тікұшақ жіберілуі мүмкін

Ақтөбеде жоғалған 6 адамды іздеуге тікұшақ жіберу мәселесі шешіліп жатыр.

«Охотзоопром» мекемесінің қызметкерлері жоғалғандарды Ырғыз ауданының аумағынан көргенін айтып отыр. Олар Жезқазғанның Ұлытау аумағына қарай бет алған болуы мүмкін. Қазір жоғалғандарды ҚР ІІМ ТЖК «Авиаспас» тікұшағымен іздеу мәселесі шешіліп жатыр»,- деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Ақтөбеде жылқы іздеуге шыққан 6 адам хабарсыз кетті. Қазір полиция іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть