Ақтөбеде жүкті әйел қақаған қыста подъездерде түнеп жүрген - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде жүкті әйел қақаған қыста подъездерде түнеп жүрген

Ақтөбеде жүкті әйел қақаған қыста подъездерде түнеп жүрген

Барар жері болмай көпқабатты тұрғын үйлердің подьездерін түнеген Татьяна Экштейн Ақтөбедегі Аналар үйінен жылу тапты.

  • 26 Қаңтар 2018
  • 314
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Aktobenews.kz. хабарлайды.

«3 қаңтардан бастап көшеге түнеп жүрген. Құжаттары да жоқ. Бізге Дина есімді әйел адам әкеліп орналастырды. Қазіргі таңда барлық тиісті органдар телефон соғып сұрап жатыр. Ешқандай құжаты болмағаннан кейін қабылдауға құқым жоқ болатын, негізі. Бірақ, далаға тастай алмадық. Келгесін жуындырып, алғашқы көмек көрсеттік. Психологтарымыз жұмыс жасап жатыр», — дейді орталық басшысы Таңсұлу Лакова.

Жүкті әйел өзінің тағы бір 5 жасар қызы бар екенін жасырмаған.


«Қостанайдағы аналар үйінің басшылығымен сөйлестік. Олар қабылдап, құжаттарын реттеп беретінін айтты. Татьяна баланы босанғаннан кейін жұмысқа шығады. Бұрын аспаз болып жұмыс жасаған екен. Құжатсыз ұстай алмаймыз. Қостанайға қайтарудың жолдарын қарастырып жатырмыз», — дейді Таңсұлу Лакова.

Соңғы жаңалықтар