Жарияланды: 520

Ақтөбеде жұмыссыздар саны екі есе азайды

Өткен жыл ішінде Ақтөбеде ресми тіркелген жұмыссыздар саны 10 мың адамға кеміп, 2004-жылдың 1-қаңтарындағы жағдаймен 8824 адамды құрады. Бұл туралы қалалық мәслихаттың сессиясында қала әкімі Қайырқожа Елеусізов хабарлады.

Оның айтуынша, жұмыссыздар саны жаңа кәсіпкерлік субьектілерінің құрылуы есебінен азайып отыр. 2003-жылы осындай 229 субьект тіркелуінің нәтижесінде 5108 жаңа жұмыс орны құрылды. Сондай-ақ, өткен жылы қала тұрғындарының орташа жалақысы 12 процентке артып, 25990 теңгені құрады. Әкімнің пікірінше, жалақы өсіміне 2003-жылғы жалпы экономикалық өсімнің 7,3 процентті құрауы септігін тигізді. Алдағы жылға межеленген басты мақсаттардың арасында Қ.Елеусізов азық-түлік өнімдеріне баға белгілеу және қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мәселелерін атады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін