Ақтөбелік дәрігер сәбиінің шетінеуіне өз әріптестерін кінәлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбелік дәрігер сәбиінің шетінеуіне өз әріптестерін кінәлап отыр

Ақтөбелік дәрігер сәбиінің шетінеуіне өз әріптестерін кінәлап отыр

Себебі, толғағы қысқан келіншегін жедел жәрдем алғашқыда перзентханаға алмай кеткен. Екінші мәрте шақырғанда көліктері батпаққа батып, дер кезінде тиісті көмек көрсете алмапты. Енді тұңғышынан айырылған ата-ана осы оқиғаға қатысы бар дәрігерлерді қатаң жазалауды талап етуде.

  • 9 Сәуiр 2014
  • 232
Фото - Caravan.kz

Ақтөбедегі жедел жәрдем орталығында жұмыс істейтін Әмір Юсупов жары Жарқынайды тұңғышымен бірге дәл осы перхентхана алдынан күтіп аламын деп армандаған. Бірақ бүгінжанары жасқа толып, әріптестерінің салғырттығынан шаранасы шетінеп кеткенін айтуда. Келіншегінің толғағы қысқанда алғаш келген жедел жәрдем дәрігері үйге кірместен даладан кетіп қалған. Ал екінші мәрте шақыртылған 103 қызметкерлері босанғалы жатқан Жарқынайды көліктеріне керісінше сүйрей жөнеліпті. Соның кесірінен шарана тұншығып қалды дейді ол.

Әмір Юсупов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:  

-Үйде босандыруға болмайды деген ол сандырақ тек әншейін. Еш жерде жоқ үйде босануға болмайды деген. Мен өзім жедел жәрдемде екі жылдан астам жұмыс істеп жатырмын.Фельдшер айтқан мына келіншектің екі аяғын қысып отыр. Мына екі бұтын санитар балаға қысқыздырып қойған туып қоймасын деп.

Жарқынай үй жанында тұрған жәдел жәрдем көлігінде босанады. Тоғыз ай бойы дәрігерлер шаранасы мен оның денсаулығынан еш кінәрат таппаған. Енді сәби шетінеген соң, жедел жәрдем мамандары өздерін ақтап әлек. Бар кінәны батпаққа батқан көліктен көріп отыр. 


Гүлжанат Кушетова, Ақтөбе қалалық жедел жәрдем бекеті бас дәрігерінің орынбасары:

-Фельдшердің айтуынша, ол кезде туу кезеңі басталмаған. Сондықтан әлі толғақ кезі болғасын машинаға алып, перзентханаға жеткізем деп ойлаған.Ол машина тағы да жолда батып қалады деп ойлаған жоқпын дейді.

Шетінеген шараның денесін облыстық перзентхана мен жедел жәрдем қызметі қабылдаудан бас тартқан. Сондықтан амалы таусылған әкесі сараптама жасатпастан үйіне алып келіп, жерлепті. Ең сорақысы босанған келіншектің құжатын да перинаталды орталықтағылар дұрыс толтырмаған. 22 жастағы келіншекті осы уақытқа дейін алты рет босанып, тұңғышын екі жасында туды деп айды аспанға шығарыпты. Бұл қателіктерін өздері де мойындап отыр.

-Шаранасынан айрылған Әмір Юсупов әріптестерінің үстінен ішкі істер департаментіне шағымданған. Қызметіне салғырт қараған жедел жәрдем мен перинаталды орталық қызметкерлерінің жазаланғанын қалайды. Сондай-ақ оның арызы бойынша ертең жедел жәрдем орталығында осы оқиғаға байланысты комиссия отырысы өтеді.