Жарияланды: 410

Ақтөбелік депутаттың 15 жастағы қыздың пәктігі үшін миллион төлегені рас па?

Ақтөбелік депутаттың 15 жастағы қыздың пәктігі үшін  миллион төлегені рас па? Сурет - Домовой совет

Ақтөбе мәслихатының депутаты Аркадий Ни ұсталғаннан кейін «Нұр Отан» партиясы қатарынан шығарылды

.Бұл туралы Tengrinews.kz «Нұр Отан» партиясы филиалына сілтеме жасап хабарлады.

«Мәслихат депутаты Аркадий Ниді заңсыз іс-әрекеттерді жасады деген күдікпен қамауға алу дерегі бойынша, партиялық бақылау комиссиясы оны «Нұр Отан» партиялық билетінен айыру туралы мәселені қарауды ұсынғанын хабарлаймыз.

Аркадий Ни саяси кеңестің аймақтық бюросының шешімімен партия қатарынан шығарылды », - деп хабарлады партия.

Ақтөбе облысының полиция департаменті Tengrinews.kz тілшісінің Аркадий Ниге қатысты сұрағына қысқа жауап берді:

«Ақтөбе қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта күдікті қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128 бабы бойынша Ақтөбе ИВС-на орналастырылды.

Басқа мәліметтер, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, жария етуге жатпайды», - деп қорытындылады полиция, сондай-ақ нақты іс бойынша жүргізіліп жатқан бап пен күдіктінің аты-жөнін атамады.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде және бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында Ақтөбедегі белгілі кәсіпкердің он алты жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынас жасады деген күдікпен ұсталғаны жөнінде ақпарат пайда болды.

Мысалы, Ratel.kz порталы «кәсіпкер қызбен бірнеше рет жыныстық қатынас жасады деп күдікке ілінген, алғашқы жыныстық қатынасқата қыздың пәктігі үшін кәсіпкер 1 млн теңге, ал кейін әр кездесуде 50 мың теңге беріп отырған» деп жазды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін