Ақтөбелік "діндарлардың" кесірінен 2,5 мың сәбиге екпе егілмей қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбелік "діндарлардың" кесірінен 2,5 мың сәбиге екпе егілмей қалды

Ақтөбелік "діндарлардың" кесірінен 2,5 мың сәбиге екпе егілмей қалды

Ақтөбе облысында екпе егілмеген сәбилердің саны артып барады деп дабыл қақты өңірдің денсаулық сақтау басқармасы. Бүгінде дәрі қабылдамаған балалар саны 2,5 мыңнан асыпты. Әсіресе, Темір мен Мұғалжар ауданының діндар ата-аналары сәбилерінің өмірін қатерге тігіп отыр деп жазады Informburo.kz.

  • 13 Қазан 2016
  • 660
Фото - Caravan.kz

Аналардың бәрінің айтатыны бір: "Құдайдан басқа баламызға ешкім көмектесе алмайды" дейді олар. Салафизм ағымы дендеп кеткен өңірде "діндар" тұрғындардың басым бөлігі ғылымға қарсы. Дәрігерден ем қабылдау олар үшін Аллаға серік қосқанмен тең көрінеді.

"Қазір екі ауданда жағдай ушығып тұр. Дәрігерлердің түсіндіру жұмыстарын ата-аналар құлағына асып отырған жоқ. Әрине, заң бойынша олар құқылы. Бірақ, баланың денсаулығын кім ойлайды?", — дейді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Қазір аталған басқарма Денсаулық сақтау министрлігіне хат жазып, вакцинацияны барлық ата-анаға міндеттеуді сұрап отыр.


Соңғы жаңалықтар