Ақтөбелік террористер фильмге түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбелік террористер фильмге түсті

Ақтөбелік террористер фильмге түсті

Ақтөбе облыстық прокуратурасы азаматтарды радикалды көзқарасты діни ағымдардан қорғау мақсатында «Құрбандар» атты деректі фильм түсірді. Туынды «Тұрақтылыққа - діни сауаттылық арқылы» атты экстремизм мен терроризмнің алдын-алу бағдарламасы аясында жүзеге асты. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарланд

  • 3 Наурыз 2014
  • 593
Фото - Caravan.kz

«Фильмде терроризм бабы бойынша сотталғандар, олардан жапа шеккендер және діни экстремизм арбауына түскендер жайлы әңгімеленеді. Онда кейіпкерлер өздерінің бастарынан өткен жағдайларды баяндап, ең бастысы алданғандарын, діни уағыз жүргізушілердің айтқанына еріп құрбан болғандарын, істеген істеріне өкінетіндіктерін айтып, өз жолдарын өзге азаматтардың қайталамауын сұрайды», — делінген баспасөз баянында.


Енді бұл фильм облыс аумағындағы мектептердің барлығында көрсетіліп, жастар арасында да кеңінен таралатын болады.