Ақтөбеліктер Бердібек Сапарбаевпен қимай қоштасты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеліктер Бердібек Сапарбаевпен қимай қоштасты

Ақтөбеліктер Бердібек Сапарбаевпен қимай қоштасты

Ондаған ақтөбелік тұрғындар облыстың бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаевты елордаға шығарып салу үшін әуежайға келді.

  • 27 Ақпан 2019
  • 42
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Ақтөбе тұрғындары бұрынғы өңір басшысымен қоштасу үшін әуежайға келді. Олар бұрынғы әкіммен құшақтасып, суретке түсіп, гүл сыйлады. Кейбіреулер қолтаңбасын сұрады, ал ақсақалдар оның иығына шапан жапты.

Сапарбаевты елордаға шығарып салу үшін мемлекеттік қызметкерлер, ардагерлер, жас белсенділер, мүмкіндігі шектеулі жандар ұйымының өкілдері және қарапайым тұрғындар келді. Бердібек Сапарбаевтың құрметіне ақындар оның халық алдындағы еңбегі, игі істері, мұқтаж жандарға көмегі жайлы авторлық әндер орындады.

"Мен Ақтөбе облысында көп істемедім, бірақ қала мен адамдарына үйреніп қалғанымды мойындау керек. Мені шығарып салуға осынша тұрғын келеді деп күткен жоқпын, барынша тырыстым. Бірақ сіздердің қолдауларыңызсыз ешқандай нәтиже болмас еді. Барлығына үлкен рахмет!"- деді Бердібек Сапарбаев.


 

Соңғы жаңалықтар