Ақтөбенің әскери институтында 23 жасар курсант өзіне қол жұмсаған, Павлодар абақтысында бір сотталған өзін өзі өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбенің әскери институтында 23 жасар курсант өзіне қол жұмсаған, Павлодар абақтысында бір сотталған өзін өзі өлтірді

Ақтөбенің әскери институтында 23 жасар курсант өзіне қол жұмсаған, Павлодар абақтысында бір сотталған өзін өзі өлтірді

АЛМАТЫ. 3 - тамыз. Kazakhstan Today. Ақтөбенің Талғат Бигельдинов атындағы әуе қорғаныс күші әскери институтында 23 жасар курсант өзіне қол жұмсаған, Павлодар абақтысында 21 жасар сотталған асылып өлген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі аймақтың күш құрылымдарына сілтеме жасай отырып.

  • 3 Тамыз 2007
  • 708
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, Ақтөбе облысының әскери прокуратурасының ақпараттарына сүйенсек, курсант Нұрғалиевтің мәйітін қызметтестері киім кептіретін бөлмеден тауып алған. Қазіргі уақытта болған оқиғаның себебі анықталуда. Бұл іске қатысты барлық материалдар Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу басқармасы мен Ақтөбе гарнизонының әскери полициясына жіберілген.

Сонымен қатар, прокуратура курсант отбасындағы проблемалардан болып қол өзіне- өзі жұмсаған болуы керек деген болжам жасап отыр, себебі үлкен ағасына жазған хатында оның отбасы мен ақша туралы жазылған.

Жоғарғы оқу орнына түскенге дейін облыс орталығының маңындағы Алға қаласында тұрған Қайрат Нұрғалиев үстіміздегі жылы Әуе қорғынысының әскери институттың инженерлік факультетін бітіруге тиіс болған. Ол институт бітіргеннен кейін өз қызметін осы оқу орнында жалғастырмақ болған.

Сонымен қатар, АП-162/2 түзету мекемесінің бастығы Серік Мустафин осы абақтыда жазасын өтеп жатқан 21 жастағы сотталушы түскі ас уақытында өз отрядының жуынатын бөлмесінде көрпеге асылып өлгендігін хабарлады. Қазір осы іс бойынша тергеу ісі жүріп жатыр.

«Бұл жігіт бұрындары үш рет сотталған, ол бірнеше рет түзету колониясында, одан кейін тергеу изоляторында өзін- өзі өлтірмек болған. Ол біздің абақтыға 2005 жылы түскеннен бері мұндай іске бармаған, бірақ өкінішке орай оқиғаның алдын ала алмадық»,- деп атап өтті С. Мустафин.

Оның пайымдауынша, өзін өзі өлтіруге туыстарына қатысты проблемалар себеп болған. «Отбасы одан бас тартқан, себебі туыстарына оның қайтыс болғандығы туралы хабарлағаннан кейін де ешкім бой көрсетпеді және соңғы жарты жылда оған ешкім хабарласпаған, ол жігіт әлі жас қой, психологиялық тұрғыдан қажып кетуі де мүмкін»,- деген сенімде полковник С. Мустафин.

Прокурордың мәлімдеуінше, АП-162/2 мекемесі алдағы бірнеше аптада ерекше қадағалауда болады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті