Ақтоғай ауданындағы мектеп интернатта болған төтенше оқиғаға байланысты Павлодар облысының білім беру департаментінің басшысы қызметінен кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтоғай ауданындағы мектеп интернатта болған төтенше оқиғаға байланысты Павлодар облысының білім беру департаментінің басшысы қызметінен кетті

Ақтоғай ауданындағы мектеп интернатта болған төтенше оқиғаға байланысты Павлодар облысының білім беру департаментінің басшысы қызметінен кетті

Павлодар. 1 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ақтоғай ауданындағы мектеп интернатта болған төтенше оқиғаға байланысты Павлодар облысының білім беру департаментінің басшысы Бахриден Кәрімжанов отставкаға кетті, бірқатар жауапты тұлғалар қызметтерінен босатылды. Бұл туралы тілшілерге облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Сәуiр 2008
  • 854
Фото - Caravan.kz

Ақтоғай ауданындағы мектеп интернатта ағайынды екі бала (жоғарғы сынып оқушылары) ұзақ уақыт бойы екі кішкентай балаға қатысты жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттерін қолданып келген. Болып жатқан оқиға жайында ұстаздар қауымы білсе де, бұны жұртшылықтан жасыруға тырысқан. Еркектер арасындағы жыныстық қатынас оқиғасын Ақтоғай аудандық ішкі істер органының жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторы анықтаған және біле салысымен қылмыстық іс қозғаған.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, мектеп интернатта болған оқиға облыс әкімі Қайрат Нұрпейісовтың қатысуымен өткен арнайы отырыста қаралған. Облыс әкімі аталмыш төтенше оқиғаның алдын ала алмай, одан кейін оны қоғамнан жасырмақшы болған білім беру органдарының жұмысын қатаң сынға алды.

«Ақтоғай мектеп интернатында анықталған балалар құқығының бұзылу оқиғасы жергілікті орындар мен білім беру департаментіндегі білім беру органдары басшылары тарапынан тиісті қадағалаудың болмауы себепті орын алды», — деп атап көрсетті облыс әкімі.

Қ. Нұрпейісовтың айтуынша, бұған басты себептердің бірі мектеп пен қоғамның өзара іс-әрекеттерінің тиісті деңгейде болмауы, яғни, оның жеткіліксіздігі. «Мемлекеттік органдар тарапынан жағдайы нашар отбасыларға өте аз көңіл бөлінді. Әрбір қиын баламен жеке-жеке педогогикалық жұмыстар жүргізген абзал», — деп атап көрсетті ол.

Төтенше оқиға нәтижесінде білім беру департаментінің бастығы Б. Кәрімжанов отставкаға кету туралы арыз берді. Арасында Ақтоғай ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Бекзия Ысқақова да бар оқиғаға кінәлі деп табылғандардың барлығы да, аудандық білім беру департаментінің бастығы, сондай-ақ, барлық тәрбиешілер жұмыстарынан босатылды.

Облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қазіргі уақытта ішкі істер органдары тергеу алдындағы тексеріс жүргізуде. Содан кейін барлық кінәлі тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Бұл жерде аталмыш оқиға Ақтоғай ауданының білім беру жүйесімен байланысты алғашқы төтенше жағдай емес екендігін айта кету керек. Өткен жылы прокуратура Бірыңғай ұлттық тест нәтижелерін тексеру барысында өрескел заң бұзушылықтарды анықтаған. Атап айтқанда, мемлекеттік тест нәтижелерінің көрсеткішін жақсарту мақсатында кейбір ұстаздар сабақ үлгерімі төмен түлектерді БҰТ тапсырудан бас тартуға мәжбүрлеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті