Жарияланды: 880

АҚТҚ/ЖҚТБ -мен күресу үшін Қазақстанда денсаулық сақтау мен әлеуметтік қорғаудың тұрақты жүйесі керек

Қазақстанда АҚТҚ/ЖҚТБ-мен (ВИЧ/СПИД) табысты күресу үшін денсаулық сақтау мен әлеуметтік қорғаудың тұрақты жүйесі және кадрларды жетілдіру керек, деп есептейді ЮНИСЕФ.

ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Радослав Ржехак, ОҚО-дағы балалардың АҚТҚ/ЖҚТБ жұқтыру оқиғаларының салдары әлі көпке тарайтындығынан онымен ұлттық деңгейде күресу үшін денсаулық сақтау мен әлеуметтік жүені күшейту керек деп есептейді. 2006-шы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 150-дей бала АҚТҚ вирусын жұқтырғаны белгілі. Олардың көбінің жасы 3-ке толмаған да екен. ЮНИСЕФ мәліметтерінше қазір елде бұл инфекцияның анадан балаға өтуі өте сирек кездескенімен жыл сайын Қазақстанда 200 бала АҚТҚ инфекцияланған анадан туылады. «Мәліметтер көрсетіп отырғандай, Қазақстанда АҚТҚ/ЖҚТБ-мен байланысты халықтың мағлұматы өте төмен деңгейде қалып отыр. Қауіпсіз жыныстық қатынас та өте сирек», - деп көрсетілген ақпаратта. ЮНИСЕФ атап көрсеткендей, жастар мен жас өспірімдер бүкіл елде ЖҚТҚ-ның соңғы кездері жыныстық жолмен берілуінің өсіп отырғанына ұшырасып отыр. Ол әдетте есірткі құмарлардың инесі арқылы берілетін.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін