Арабтар шайтанға тас ату уақытын күрт қысқартты
![]() |
Сауд органдары қажылық кезінде шайтанға тас ату кезін ерекше бақылауға алуды жоспарлап отырғандарын айтты. Жамарат бағандары жанындағы тас ату уақытына шектеу қойып, 12 сағатқа қысқартқан. |
Ресми Сауд мұның себебін Мина аңғарындағы 2300 адам қайтыс болған трагедияға байланысты түсіндіріп отыр.
Биыл шайтанға тас ату рәсімі Минада 11 қыркүйек күні басталып, 3 күнге созылады деп жоспарлануда.
Жамаратқа белгіленген уақыт аралықтарында баруға тыйым салынады: бірінші күні – таңғы 6:00-ден 10:30 дейін, екінші күні 14:00-ден 18:00 дейін, үшінші күні таңғы 10:30-дан 14:00 дейін.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін