Арал аймағының негізгі дақылдарына картоп, бақша дақылдары мен көкөніс кіргізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арал аймағының негізгі дақылдарына картоп, бақша дақылдары мен  көкөніс кіргізілді

Арал аймағының негізгі дақылдарына картоп, бақша дақылдары мен көкөніс кіргізілді

Қызылорда. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Ішкі нарықты толтыру мақсатында биылғы жылы Арал аймағының негізгі дақылдар тізіміне картоп, бақша дақылдары мен көкөніс кіргізілді. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылық департаментінің директоры Дәурен Әбуов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 31 Наурыз 2008
  • 1248
Фото - Caravan.kz

«Аймақтың негізгі дақылы күріш болғандықтан, оған егінді жерлердің 80 % бөлінеді (70 мың гектар жер)», — деп атап өтті Д. Әбуов.

Оның сөздері бойынша, биылғы жылы бірінші рет аграрлықтар 1 гектар картопқа -1250 теңге және 1 гектар көкөніс бақша дақылдарына 8 мың теңге көлемінде мемлекеттік субсидия алатын болады.

«»Демеу» қоры элиталық картоп түрін сатып алу үшін 100 млн теңге көлемінде несие бөлетін болды. Картоп өсірумен айналысуға бел буған шаруаларға пайызсыз несие беріледі», — деп хабарлады Д. Әбуов. » Биылғы жылы «екінші нанға» 300 гектар суармалы жер бөлінеді. Қала маңына жақын жатқан Қызылөзек ауыл аймағында кіші-гірім шаруашылықтарды біріктіріп, арнайы агрофирманы құру жоспарланып отыр «, -деп ойымен бөлісті ауыл шаруашылық департаментінің директоры.

Д. Әбуов хабарлағанындай, «биылғы жылы аграрлықтарға көктемдік егістік жұмыстары мен егін жинау науқанында мемлекет тарапынан жанар-жағар майды сатып алуға қолдау көрсетілетін болады. Оған 461 млн теңге бөлінді. 60 млн теңге суғаруға арналған суды жеткізуге және 30 млн тұқымды дамытуға жұмсалатын болады».

«Биыл бірінші рет жүзім және көпжылдық жеміс -жидектерді өсірумен айналысқысы келетіндерге субсидиялар бөлінетін болды «, — деп атап өтті ол. Департаменттің ақпараты бойынша, бұл мақсаттарға 8 млн теңге бөлінеді.

«Бюджеттік субсидиялар көп жылдық жеміс-жидектер мен жүзімнің өсірілуі мен егілуінің 40 пайызы көлемінде беріледі. Бір гектар жеміс- жидектерге 272,46 мың теңге келсе, жүзімге 364 мың теңге жұмсалады», -деп түсіндірді Д. Әбуов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті