Жарияланды: 610

Арал қаласында құрт ауруын емдеу жөніндегі арнайы аурухана құрылысы салына бастады

Арал қаласында құрт ауруын емдеу жөніндегі арнайы аурухана құрылысы салына бастады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының төрайымы Ақмарал Әлназарова хабарлады.

Нысанның жалпы құны 360 млн. теңгені құрайды. Жыл соңына дейін 150 млн. теңге игерілуі тиіс. Аурухана кешені 2004-жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жаңа кешен құрамында 3 қабатты бас корпус пен 2 қабатты емхана бар. Сондай-ақ, аурухананың өз қарамағындағы трансформаторлық қосалқы станциясы мен насостық станциясы болмақ. А.Әлназарованың айтуынша, ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасы аясында Қызылорда облысында алдағы жылдарда орталық аудандық аурухана, құрт ауруына қарсы үш бірдей диспансер, перзентхана мен емхананың диагностикалық-консультациялық бөлімшесін салу көзделіп отыр. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлінеді. 2004-2006-жылдар аралығында жергілікті бюджет есебінен ауылдағы денсаулық сақтау саласына арнап 30 ғимарат салу жоспарланған. А.Әлназарованың айтуынша, облыстық бюджетте бұл мақсатқа 373 млн. теңге қарастырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін